Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. «Физика-математика ғылымдары» сериясы. – 2020. – №3(71). – Б. 24–30.
DOI: 10.51889/2020-3.1728-7901.03
Аннотация
Мақалада әл-Фарабидің музыка теориясының математикалық негіздері қарастырылады. Музыкалық интервалдарды алу үшін әл-Фараби қатынастарына арифметикалық амалдар қолданылып, бұл қатынастарды табуға қажетті үш негізгі мәселе айқындалады. Интервалдарды бөлуге, көбейтуге және салыстыруға болатыны, ал олармен жұмыс істеу қатынастар мен арифметиканың негіздерін білуді талап ететіні көрсетіледі.
Кілт сөздер: әл-Фараби, музыка теориясы, интервал, қатынас, арифметикалық амалдар