[І] Егер ол ABC үшбұрышына іштей қалай дөңгелек сызу керек десе, онда В нүктесін центр етіп алып, АВ және ВС сызықтарында D және E [нүктелерін] белгілейміз. Осы [нүктелердің] әрқайсысын центр етіп қабылдап, G нүктесінде қиылысатын екі дөңгелек [тұрғызамыз] да, BG сызығын жүргіземіз. Ары қарай С нүктесін центр етіп аламыз және АС және СВ сызықтарының бойынан H және F [нүктелерін] белгілейміз; H және F нүктелерін центр етіп алып, I нүктесінде қиылысатын екі дөңгелек [тұрғызамыз] да, I және С–ны қосамыз. CI сызығы BG сызығымен K нүктесінде қиылысады. АВС47 үшбұрышына іштей сызылған дөңгелектің центрі K–нүктесін аламыз. Міне оның суреті [48 – сурет].
[48 – сурет].
[II] Осындай әдіспен басқа да тең қабырғалы және тең бұрышты фигураларға іштей дөңгелек сызуға болады: оның екі бұрышын қақ бөлеміз. Сызықтардың қиылысуы үшбұрышқа [төртбұрышқы, бесбұрышқы және т.с.с] іштей сызылған дөңгелектің центрін береді.