ӘӨЖ 37:514:004.738.1 (574)
Бидайбеков Е.Ы., Бостанов Б.Ғ., Үмбетбаев Қ.Ү.
Әл-Фарабидің салу есептерін заманауи математикалық білім беруде АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ пайдаланЫП ОҚЫТУДЫҢ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы
Мақалада әл Фарабидің математикалық мұраларындағы геометриялық салу есептерін заманауи математикалық білім беруге ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқытудың ерекшеліктері жайында айтылған. Сонымен бірге, әл Фараби бабамыздың геометриялық мұраларын берілген алгоритмдер бойынша орындалған электрондық оқыту құралынан нақты мысалдар келтірілген.
Кілттік сөздер: Салу есептері, математикалық мұра, циркуль мен сызғышты пайдаланып салу.
В статье рассказывается об особенностях обучения геометрических построений в математических наследиях аль - Фараби в современном математическом образовании, используя информационные технологии. Наряду с этим приводятся конкретные примеры образовательного электронного учебника по представленным алгоритмам геометрического наследия аль Фараби.
Ключевые слова: Задачи построения, математическое наследие, построение с помощью циркуля и линейки.
The features of learning of geometric constructions in the mathematical heritage of al-Farabi in modern mathematics education using information technologies are considered in the article. Along with this, examples of educational electronic textbook on the given algorithms of al-Farabi’s heritage are given.
Keywords: construction problems, mathematical heritage, construction with help of compass and ruler.
Оқытуды отандық ғалымдардың жаңалықтарымен, оның ішінде, әл Фараби сияқты бабаларымыздан еңбектерімен байланыстыра толықтырып оқу мазмұнын байыту, жастарға соның негізінде патриоттық сезімді сіңіре, оларды ғылыми-әдістемелік зерттеулермен айналыстыру күн тәртібіндегі мәселе екендігі даусыз [1].
Сол себепті біздің зерттеу жұмысымызда, нақты айтқанда, А.Көбесовтің математика тарихы бойынша зерттеулеріндегі әл Фарабидің математикалық мұраларынаның бірі әл Фарабидің геометриялық салулар туралы трактаттары [2] жайында әңгіме болмақ. Бұл трактаттар А. Көбесов дәлелдегендей, әл Фарабидің «Рухани айлалы тәсілдер мен геометриялық фигуралардың табиғи сырлары туралы кітабында» [3] келтірілген.
Скачать (doc)