әл-Фараби туралы
Геометриялық
мұралары
Тригонометриялық
мұралары
Музыка теориясының
арифметикалық негіздері

Абу Наср аль-Фараби

перс. ابونصر محمد بن محمد فارابی‎‎

Дата рождения: 872

Место рождения: город Фараб (ныне — Казахстан)

Дата смерти: 17 января 951

Место смерти: ДамаскСирия[1]

Научная сфера: естествознаниеметафизикаматематикалогикаастрономиямедицина, этика и др.

Известен как: «Второй учитель»

Материал из Википедии — свободной энциклопедии


07-12-2016

ӘОЖ 37:514:004.738.1 (574)

 

ЦИРКУЛЬ МЕН СЫЗҒЫШТЫҢ КӨМЕГІМЕН САЛУҒА БОЛМАЙТЫН ЕСЕПТЕРДІ ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ӘДІСІМЕН ШЕШУ

 

Е.Ы.Бидайбеков, Б.Ғ. Бостанов, Қ.Ү.Үмбетбаев

 

Қазақстан, Алматы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

 

Оқушылардың ынтасын арттыруға, математиканы тереңірек түсіндіруге,  оқылатын мəліметтерге қызықтыруға, сондай ақ  оқушылардың ақыл-ойын кеңітіп, олардың жалпы мəдениетін көтеру үшін қазіргі заманғы математика сабағына тарихи мəліметтерді енгізудің маңызы зор. Соның ішінде ұлттық мазмұндағы көне есептер мен халқымыздан шыққан ғұлама математик ғалымдарымыздың да еңбектерін мектеп математикасының мазмұнына енгізу, өз математика тарихымыздың бар екендігінің де кепілі болар еді.

Математика ғылым ретінде есептен пайда болған және есеп арқылы дамиды. Оқушылардың математикаға қызығушылын артыру барысында ойлау қабілетін дамыту үшін әртүрлі есептердің шығу тарихымен таныстыру керек. Көптеген тарихи мәліметтер есеп түрінде беріліп келеді. Тарихи есептерге: қызықты тарихи есептерді, ежелгі классикалық тамаша бес есепті, шешімі жоқ салу есептерін, «жеңілмейтін, берілмейтін», «жауыз есептер», «математиканың көркі», «ұлы», «биік шың», «даңқты» және қазақтың байырғы есептерін, қазақтың қара есептерін, әсемгерлікесептерді жатқызуға болады[1].

Осындай тарихи есептердің қатарына циркуль мен сызғыштың ғана көмегімен салынатын геомет-риялық салу есептерін жатқызуға болады. Мұндай салу есептерінің мол түрі әл Фараби бабамыздың математикалық мұраларында берілген. 

 

Скачать (doc)