әл-Фараби туралы
Геометриялық
мұралары
Тригонометриялық
мұралары
Музыка теориясының
арифметикалық негіздері

Абу Наср аль-Фараби

перс. ابونصر محمد بن محمد فارابی‎‎

Дата рождения: 872

Место рождения: город Фараб (ныне — Казахстан)

Дата смерти: 17 января 951

Место смерти: ДамаскСирия[1]

Научная сфера: естествознаниеметафизикаматематикалогикаастрономиямедицина, этика и др.

Известен как: «Второй учитель»

Материал из Википедии — свободной энциклопедии

Жобаның мақсаты әл-Фараби бабамыздың математикалық мұраларының мазмұнын қазіргі математика мазмұнымен сабақтастыра отырып, оларды математикадан заманауи  білім беруде жаңа ақпараттық технологиялар көмегімен тиімді қолдану жолдарын көрсету болып табылады.

Осы зерттеуді жүргізу нәтижесінде бір жағынан, математиканы оқыту, яғни әл-Фарабидің математикалық мұраларын оқыту; екінші жағынан, информатика оқыту, яғни әл-Фарабидің математикалық мұраларын оқытудың электрондық құралдарын жасап оқыту жүзеге асырылады.

Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер анықталды:

- әл-Фараби геометриясы, тригонометриясы, арифметикасы, алгебрасы мен музыка теориясын зерттеп, оларды қазіргі заман тұрғысынан математикалық негіздеу;

- ақпараттық және коммуникациялық технологиялар көмегімен әл-Фараби ұсынған алгоритмдер бойынша геометриялық салулар, әл-Фараби тригонометриясы, арифметикасы, алгебрасы мен музыка теориясын оқытуға арналған оқу-әдістемелік құрал, электрондық оқыту құралдарын жасау;

- әл-Фарабидің дұрыс көпбұрыштарды салу алгоритмдерін, әл-Фараби тригонометриясы, арифметикасы, алгебрасы мен музыка теориясын электрондық оқыту құралдары көмегімен оқытудың және оларды оқу үдерісінде қолданудың тиімді әдістемесін ұсыну;

- жүргізілген зерттеу нәтижелерін, жасалынған электрондық оқыту құралдарын білім беру порталы шеңберінде қарастыруды жобалау, жүзеге асыру және ары қарай дамыту.

Жоба мақсатына жетуге мүмкіндік беретін жоғарыда анықталған міндеттерді өз уақытында орындау нәтижесінде:

- әл-Фараби геометриясы, тригонометриясы, арифметикасы, алгебрасы мен музыка теориясының қазіргі заман тұрғысынан математикалық негіздемесін;

- ақпараттық және коммуникациялық технологиялар көмегімен әл-Фараби ұсынған алгоритмдер бойынша геометриялық салулар, әл-Фараби тригонометриясы, арифметикасы, алгебрасы мен музыка теориясын оқытуға арналған оқу-әдістемелік құрал, электрондық оқыту құралдарын;

- әл-Фарабидің дұрыс көпбұрыштарды салу алгоритмдерін, әл-Фараби тригонометриясы, арифметикасы, алгебрасы мен музыка теориясын электрондық құралдар көмегімен оқытудың және оларды оқу үдерісінде қолданудың тиімді әдістемесін;

- жүргізілген зерттеу нәтижелерін, жасалынған электрондық құралдарды көпшілік назарына ұсыну мақсатында ұйымдастырылған білім беру порталын жасау күтіледі.