әл-Фараби туралы
Геометриялық
мұралары
Тригонометриялық
мұралары
Музыка теориясының
арифметикалық негіздері

Абу Наср аль-Фараби

перс. ابونصر محمد بن محمد فارابی‎‎

Дата рождения: 872

Место рождения: город Фараб (ныне — Казахстан)

Дата смерти: 17 января 951

Место смерти: ДамаскСирия[1]

Научная сфера: естествознаниеметафизикаматематикалогикаастрономиямедицина, этика и др.

Известен как: «Второй учитель»

Материал из Википедии — свободной энциклопедии


Фигураларға сырттай дөңгелек салу туралы

[І]  Егер ол ABC үшбұрышына сырттай дөңгелек сызу керек немесе бір сызықтың бойында жатпайтын әртүрлі үш нүкте арқылы дөңгелек салу керек десе, онда бұл екі сұрақтың мағынасы бірдей. А және В нүктелерін центр ретінде қабылдап, D және E нүктелерінде қиылысатын екі дөңгелек тұрғызамыз. DE сызығын жүргіземіз. Ары қарай А және С, сол сияқты А және В нүктелері арқылы G және H нүктелерінде қиылысатын екі дөңгелек сызып, GH сызығын жүргіземіз. [GH сызығы] DE сызығымен F нүктесінде қиылысады. Сонда А, В және С43 нүктелері арқылы өтетін дөңгелектің центрі – F нүктесін аламыз. Міне оның суреті [43 – сурет].

[43 – сурет].

 

[ІІ] Үшбұрышқа сырттай сызылған дөңгелекті тұрғызудың екінші тәсілі. А және С нүктелерінен АВ және ВС сызықтарына AD және DC  перпендикулярларын тұрғызамыз; олар D нүктесінде қиылысады; BD жүргіземіз және оны Е нүктесінде қақ бөлеміз; Сонда ЕА, В және С нүктелері арқылы өтетін ізделінді дөңгелектің центрі43. Міне оның суреті [44 – сурет].

[44 – сурет].

[ІІІ] Шаршыға сырттай сызылған дөңгелек жайлы. Егер ол ABCD шаршысына сырттай дөңгелекті қалай     сызу керек десе, он  да Е нүктесінде қиылысатын AC және BD диагональдарын жүргіземіз. Е – А, В, С және D44 нүктелері арқылы өтетін дөңгелектің центрі. Міне оның суреті [45 – сурет].

[45 – сурет].

 

[ІV] Бесбұрышқа сырттай сызылған дөңгелекті тұрғызу жайлы. Егер ол ABCDE бесбұрышына сырттай дөңгелекті қалай тұрғызамыз десе, онда А және В нүктелерін центр етіп алып, G және Н нүктесінлерінде қиылысатындай екі дөңгелек тұрғызамыз да, GH сызығын жүргіземіз. Ары қарай дәл осындай  А және Е нүктелерін центр етіп алып, I және K нүктесінлерінде қиылысатындай екі дөңгелек тұрғызамыз. GH сызығымен L нүктесінде қиылысатындай IK [сызығын]  жүргіземіз. Сонда LА, В, С, D, E45 нүктелері арқылы өтетін дөңгелектің центрі. Міне оның суреті [46 – сурет].

[46 – сурет].

[V] Алтыбұрышқа сырттай сызылған дөңгелекті тұрғызу жайлы. Егер ол ABCDEG алтыбұрышына сырттай дөңгелекті қалай тұрғызамыз десе, онда А және В нүктелерінің әрқайсысын центр етіп алып, АВ қашықтықта Н нүктесінде қиылысатындай екі дөңгелек тұрғызамыз. Сонда H – А, В, С, D, E, G46 нүктелері арқылы өтетін дөңгелектің центрі. Міне оның суреті [47 – сурет].

[47 – сурет].

 

[VІ] Егер [теңқабырғалы] көпқабырғалы және көпбұрышты фигура берілсе, онда оған сырттай дөңгелек салу үшін жоғарыда бесбұрышқа сырттай дөңгелек салғанымыздай, қабырғаларын қақ бөліп, перпендикулярлар тұрғызамыз. Бұл тұрғызылымның  бесбұрышқа сырттай дөңгелек салудан еш айырмашылығы жоқ, қабырға саны көп немесе аз [фигуралар үшін].