әл-Фараби туралы
Геометриялық
мұралары
Тригонометриялық
мұралары
Музыка теориясының
арифметикалық негіздері

Абу Наср аль-Фараби

перс. ابونصر محمد بن محمد فارابی‎‎

Дата рождения: 872

Место рождения: город Фараб (ныне — Казахстан)

Дата смерти: 17 января 951

Место смерти: ДамаскСирия[1]

Научная сфера: естествознаниеметафизикаматематикалогикаастрономиямедицина, этика и др.

Известен как: «Второй учитель»

Материал из Википедии — свободной энциклопедии


Фигураларға іштей дөңгелек салу туралы

[І]  Егер ол ABC үшбұрышына іштей қалай дөңгелек сызу керек десе, онда В нүктесін центр етіп алып, АВ және ВС сызықтарында D және E [нүктелерін] белгілейміз. Осы [нүктелердің] әрқайсысын центр етіп қабылдап, G нүктесінде қиылысатын екі дөңгелек [тұрғызамыз] да, BG сызығын жүргіземіз. Ары қарай С нүктесін центр етіп аламыз және  АС және СВ сызықтарының бойынан H және F [нүктелерін] белгілейміз;  H және F нүктелерін центр етіп алып, I нүктесінде қиылысатын екі дөңгелек [тұрғызамыз] да, I және С–ны қосамыз. CI сызығы BG сызығымен K нүктесінде қиылысады.   АВС47 үшбұрышына іштей сызылған дөңгелектің центрі K–нүктесін аламыз. Міне оның суреті [48 – сурет].

[48 – сурет].

 

[II] Осындай әдіспен басқа да тең қабырғалы және тең бұрышты фигураларға іштей дөңгелек сызуға болады: оның екі бұрышын қақ бөлеміз. Сызықтардың қиылысуы үшбұрышқа [төртбұрышқы, бесбұрышқы және т.с.с] іштей сызылған дөңгелектің центрін береді.