ӘӨЖ 373.5.02.016:004(574)
Б.Ғ. Бостанов, И.Т. Сәлғожа
ОҚУШЫЛАРДЫҢ АКТ - ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ӘЛ ФАРАБИДІҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ МҰРАСЫН ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Орасан зор еңбектің иесі, артына көптеген мұра қалдырған әл-Фараби бабамыздың мұралары әлі де ғылыми зерттеуді қажет етеді. Біздің тақырыбымыздың арқауы болып отырған математикалық мұралары қазіргі таңдағы білім беру жағдайы тұрғысынан зерттелу үстінде. Мақсатымыз әл Фарабидің математикалық мұраларын зерттей отырып, алынған нәтижелерді заманауи білім беруге ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен іске асыра отырып оқушылардың АКТ-құзырлылығын қалыптастыру.
Ғылыми-техникалық прогресс, ақпараттық революция адамдардан өсіп келе жатқан ақпараттар ағынында бағдар ала алу қабілетінің болуын талап етеді. Сондықтан, АКТ-құзырлылық қазіргі заман адамының кілттік құзырлылығының бірі болып табылады және әртүрлі есептерді компьютерлер, телекоммуникация, интернет т.б. құралдарды пайдалана отырып шешу әрекетімен айқындалады.
Әбу Насыр әл Фараби қазақтың топырағынан шыққан, данышпан перзент. әл Фараби және оның шәкірттерінің ғылым мен мәдениетті дамытудағы орнын анықтау, ғылыми мұраларын мұқият зерттеу өте үлкен маңызды жұмыс. Сондықтан да болу керек, дүние жүзінің әр түрлі халықтарынан шыққан оқымыстылар Фараби мұраларын мың жыл бойы зерттеп келеді [1]. Оcындай құнды зерттеуді жасаған, жүйеге келтіріп «әл Фарабидің математикалық мұралары» деген атпен монография жазып ұсынушы А.Көбесов болды [2].
Скачать (doc)